Accessibility links

Өзбекстан 100 долларды паспортсыз-ақ сатып алуға рұқсат берді


Өзбек сумы мен доллар. Көрнекі сурет.
Өзбек сумы мен доллар. Көрнекі сурет.

Өзбекстан жеке адамдардың паспорт көрсетпей-ақ коммерциялық банктерден 100 долларға дейін шетел валютасын сатып алуына рұқсат берді.

Бұл өзгеріс Өзбекстан Орталық банкінің қаулысымен жеке тұлғалардың коммерциялық банктерде ақша айырбастауы жайлы ережеге енгізіледі.

Биыл 20 тамыздан бастап Өзбекстан коммерциялық банктері шетел валютасын нақты ақша түрінде айырбас пункттерінде сата бастаған. Алайда кез келген сомадағы шетел валютасын сатып алу үшін жеке адамды куәландыратын құжат талап етіліп келген.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG