Accessibility links

ЕО соты еврей қоныстарынан шығатын тауарды ерекше таңбалауды міндеттеді


Люксембургтегі Еуропа сотының логотипі.
Люксембургтегі Еуропа сотының логотипі.

12 қарашада Еуропа одағының соты Израильді басып алған аумақтарда шығарылатын тауарларға ерекше таңба қоюға міндеттеді.

Сот қаулысында тұтынушылар тауардың арнайы таңбасы болмаса, егемен субъект аумағында емес, Израиль басып алған аумақта шығарылған бұйым немесе өнім екенін білмеуі мүмкін деп көрсетілген.

Қаулыда өнім немесе бұйым жайлы ақпарат тұтынушыларға "тек қана медицина, экология, экономика және әлеуметтік факторлар негізінде ғана емес және этика мәселесі бойынша да ойластырылған таңдау жасауға мүмкіндік беруі тиіс" деп көрсетілген.

"Немецкая волна" ақпарат агенттігінің хабарлауына қарағанда, Еуропа сотының қаулысының үстінен шағым қаралмайды. Ол соңғы қорытынды шығару үшін француз соттарына жіберіледі.

Еврей қоныстарынан шығатын тауарларды таңбалау туралы іс Люксембургтегі сотқа Иеруссалимге таяу жердегі еврей қоныстарында тұратын вино жасаушы компанияның француз практикасына қарсылық білдіруінен кейін түскен. Бұған дейінгі қаулының міндеттеуші заң күші болмаған.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG