Қазақстандық 21 жастағы кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов Канаданың Монреаль қаласында өткен бокс кешінде аргентиналық 25 жастағы Хосе Антонио Вилялобосты жеңді. Он раундқа жоспарланған жекпе-жектің 7-раундында Ахмедов қарсыласын нокаутқа жіберді.
Осы жеңісінен кейін Ахмедов WBC (World Boxing Council) тұжырымының “бірінші орта салмақтағы жастар арасындағы әлем чемпионы” атағын қорғап қалды.
Оқи отырыңыз: "Мақтағаннан чемпион болып кетпеймін". Ахмедовпен сұхбат
Қазақстандық боксшы осымен кәсіпқой бокста 11 жекпе-жек өткізіп, 11-рет жеңіске жетіп отыр. Ол 10 кездесуді уақытынан бұрын аяқтады. Ал аргентиналық боксшы үшінші жекпе-жекте жеңілді (12 жеңіс,5 тең, 3 жеңіліс, 7 кездесуде нокаутпен жеңген).
- Қазақстанның Жетісай қаласында туған Садриддин Ахмедов 2016 жылы әуесқой бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатында 69 келіде алтын алған.
- 2017 жылы күзде кәсіпқой боксқа ауысуға шешім қабылдап, 2018 жылы Канададағы Eye of the Tiger Management промоутерлік компаниясымен келісім-шарт жасасқан. Бұл компанияны әлемдегі танымал промоутерлердің бірі Камил Эстефан басқарады.
- Садриддин Ахмедов қазір Канаданың Монреаль қаласында жаттығады. Бапкері – Марк Рэмси.
ПІКІРЛЕР