Мәскеудің бітім соты жемқорлықпен күрес қорының негізін салушы, Ресей оппозицинері Алексей Навальныйға Росгвардияға азық-түлікті сатып алатындар туралы зерттеуін жоймағаны және ондағы деректерді теріске шығарудан бас тартқаны үшін бес мың рубль айып салды. Айыппұл туралы Мәскеудің бітім сотының сайтына шыққан ақпаратқа "МБХ медиа" назар аударды.
Бұл шешім 2019 жылдың желтоқсан айында Сот орындаушылары федералды қызметінің талабы бойынша шығарылған. Сот орындаушылары "саясаткер "Картошечка Росгвардий" мақаласы мен "Кто из них объедают Росгвардию" видеосындағы деректерді жоймады" деп шағымданған. Сот картотекасындағы мәліметке қарағанда, Навальный айыппұл туралы қаулыға қарсы шағым түсірген.
2018 жылдың тамызында Алексей Навальныйдың жемқорлықпен күрес қоры "Росгвардия" жауынгерлеріне арналған азық-түліктің өте қымбатқа сатып алынатыны жайлы зерттеуін жариялаған. Зерттеу авторларының ойынша, "бұл алаяқтықтың соңғы бенефициары Ресейдің сол кездегі премьер-министрі Дмитрий Медведев немесе оған жақын адамдар – Қырымдағы "Дружба народов" ет комбинатының иелері болуы мүмкін". Росгвардия басшысы Виктор Золотов осы зерттеуден кейін Навальныйды дуэльге шақырған.
Төрелік сот 2019 жылы ақпанда "Навальный сайтындағы зерттеу алып тастасын және ақпаратты теріске шығарсын" деген ет комбинатының талап арызын қанағаттандырған.
ПІКІРЛЕР