Accessibility links

Петербургте Конституцияны өзгертуге қарсы шыққан ондаған адам ұсталды


Петербургтегі акция.
Петербургтегі акция.

15 ақпанда Ресейдің Санкт-Петербург қаласында конституциялық құрылымды қорғау акциясы кезінде 14 адам ұсталды. Сенбі күні мұнда "Площадь восстания" ("Көтеріліс алаңы") метро станциясында жалғыз адамдық пикеттер өткен еді. Оған шамамен елуден астам адам жиналды.

"Настоящее время" телеарнасының хабарлауынша, акция басталысымен полиция бірден белсенділерді ұстай бастаған.

Адамдардың плакаттарын жайғаны сол еді, полиция қызметкерлері мегафонмен шараның заңсыз екенін айтып, ескертті. Белсенділер жалғыз адамдық пикет өткізу үшін биліктің рұқсаты қажет емес екенін айтқан кезде оларды ұстай бастады. Ұсталғандар арасында муниципалды депутат Сергей Лазарев те бар.

Полицейлер айналасындағы адамдармен жәй ғана сөйлесіп тұрған белсенді Евгений Мусинді де ұстады. Ол тіпті плакатын жайып та үлгермеген. Құқық қорғау органдарының айтуынша, ол "әкімшілік өндіріс ережесін" бұзған.

15 қаңтарда президент Владимир Путин Федералды жиынға дәстүрлі жолдауында Ресей Конституциясын түбегейлі өзгертуді, билік құзыретін қазір еш күші жоқ парламент пен мемлекеттік кеңестің пайдасына бөлуді ұсынған. Мемлекеттік Думаға премьер-министр мен үкімет мүшелерін тағайындау құқығы беріледі. Президентке екі реттен артық сайлануға тыйым салу, Федерация кеңесіне Конституциялық және Жоғарғы сот судьяларын қызметінен шеттетуге, күш құрылымдары басшыларын тағайындауды бақылауға рұқсат беру ұсынылды. Бұл өзгерістер – Ресей Конституциясы тарихындағы ең радикалды реформа.

Оқи отырыңыз: "Путин билігін бөліспейді". Ресей мен Қазақстандағы транзит айырмашылығы

Көптеген сарапшылар осы өзгерістер арқылы Путин билікті сақтап қалуға тырысады деп есептейді. Конституция қатарынан екі реттен артық президент болуға тыйым салғандықтан Путин 2024 жылы президент сайлауына қатыса алмайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG