Accessibility links

Италияда коронавирустан 7 адам қайтыс болды


Римнің Әулие Петр алаңында жүрген туристер, 24 ақпан 2020 жыл.
Римнің Әулие Петр алаңында жүрген туристер, 24 ақпан 2020 жыл.

Италияда жаңа коронавирустан кем дегенде жеті адам қайтыс болды. 220-дан астам адам жұқпалы ауруға шалдықты. Италия билігі COVID-19 вирусының таралуын тоқтатуға тырысып жатыр.

"Италияның солтүстігіндегі кей қалаларда полицияның өткізу-бақылау пункттері орнатылған" деп хабарлайды "Евроньюс".

Азаматтық қорғаныс департаментінің басшысы Анджело Борреллидің айтуынша Италияда коронавирус әсерінен екі дерт түрі пайда болып, 110-нан астам адам ауруханаға, 20-дан астам адам жансақтау бөліміне түскен. Қалғандары медициналық бақылаумен үйлерінде оқшауланған.

Италияның коронавирус ең көп тараған ошағы - солтүстіктегі Ломбардия әкімшілік аймағында 170-ке жуық адам коронавирус жұқтырып, 50 мыңнан астам адамға карантин шаралары қолданылған.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG