Accessibility links

Алматыда вирус жұққан тағы бір адам қайтыс болды. Елде 10 науқас көз жұмды


Алматы шетіндегі блокбекет. 2020 жылдың наурызы.
Алматы шетіндегі блокбекет. 2020 жылдың наурызы.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 10 сәуір кешкі дерегіне сай, Алматы қаласында коронавирус жұқтырған 1963 жылғы науқас қайтыс болды.

Министрлік елде тағы он адамнан (Атырау облысында үшеу, Нұр-Сұлтанда екеу, Алматы қаласы, Павлодар облысы, Қызылорда облысы, Түркістан облысында, Жамбыл облысында бір-бір адамнан) коронавирус табылғанын хабарлады.

Елде қазір 812 адамнан вирус анықталды. 10 адам қайтыс болды. 64 адам дерттен айықты.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елде 29 наурыз – 9 сәуір аралығында елде коронавирустың тарауы 29 пайыздан 7 пайызға дейін азайған. Қазір ауруханада жатқандардың арасында 18 адамның халі ауыр. Министрліктің есебінше, вирус жұқтырғандармен байланыста болған 21 мыңдай адам анықталып, олардың 99 пайызы оқшауланған.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа байланысты елде жариялаған төтенше жағдай уақытын 30 сәуірге дейін созды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG