Accessibility links

Ауғанстанда тәліптер шабуылынан 9 ауған сарбазы мерт болды


Әскери бекет. Ауғанстан.
Әскери бекет. Ауғанстан.

16 сәуірге қараған түні Ауғанстанның Чарх уезіндегі әскери бекетке тәліптер шабуыл жасап, 9 ауған сарбазы мерт болған. Бұл туралы Ауғанстанның қорғаныс министрлігі хабарлады.

Министрліктің ресми өкілі Фавад Аманның айтуынша, тәліптер жағынан да адам өлген. Бірақ Аман шабуыл жайлы толық ақпарат бермеді. Провинция губернаторының баспасөз хатшысы Логар Дидар Ахмад Лаван сарбаздардың қаза болғанын растады.

"Талибан" қозғалысы әзірге оқиғаға байланысты түсініктеме берген жоқ. Ақпан айының соңында АҚШ-пен жасасқан бейбіт келісімге қарамастан тәліп содырлар шабуыл жасауды қойған жоқ.

Бұған дейін бұл келісім жүзеге асса, Ауғанстаннан шетел әскері әкетілуі мүмкін, елде 18 жылға созылған қақтығысқа нүкте қойылуы мүмкін екені айтылған болатын. Бейбіт келіссөз қарсаңында тараптар арасында сенім қалыптастыру мақсатында ауған үкіметі мен Талибан тұтқындарды босату бойынша келіссөз жүргізген. Оған сәйкес, ауған үкіметі Талибанның шамамен бес мың мүшесін босататынын айтқан. Ал Талибан ауған үкіметінің шамамен мың сарбазы мен азаматын босатуға уәде берген. Ауған үкіметі жақында осы келісім аясында Талибанның жүзден астам мүшесін босатқан.

Оқи отырыңыз: Ауған үкіметі Талибанның жүзден астам мүшесін түрмеден босатты

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG