Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус жұқтырған 363 адам анықталды, оның 130-ы Қарағанды облысында тіркелген. Бұл эпидемия басталғалы бері бұрын-соңды болмаған ең жоғары көрсеткіш. Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында ондаған адамнан COVID-19 табылған. Бір күнде өсім 5 пайызды құраған. Бұл туралы 22 мамырда таңертең денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Қарағанды облысы - 130
Нұр-Сұлтан қаласы - 54
Алматы қаласы - 35
Шымкент қаласы - 31
Атырау облысы - 25
Алматы облысы - 24
Түркістан облысы - 20
Ақтөбе облысы - 9
Қызылорда облысы - 9
Батыс Қазақстан облысы - 8
Ақмола облысы - 7
Жамбыл облысы - 7
Қостанай облысы - 3
Солтүстік Қазақстан облысы - 1
Бір күнде 109 адам жазылған.
13 наурыздан бері Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың жиынтығы 7597 адам жетті. 3843 науқас жазылып, 35 адам қайтыс болды.
ПІКІРЛЕР