Түркия 30 желтоқсаннан бастап елге ұшақпен келген жолаушылардан ПТР-тест анықтамасын талап ете бастайды. Ел аумағына ПТР-тесті теріс шыққан жолаушылар ғана кіре алады.
"Республика ережелеріне сәйкес, Түркияға ұшқан жолаушылар немесе өзге елге Түркия арқылы ұшпақ болған адамдар ұшу басталардан бұрын кемінде 72 сағат бұрын жасалған ПТР-тесті теріс шыққан анықтама көрсетуі тиіс. Ереже жергілікті уақыт бойынша 30 желтоқсан сағат 12:00-ден бастап күшіне енеді. 6 жасқа дейінгі балаларға анықтаманың қажеті жоқ" дейді Turkish Airlines әуе компаниясының баспасөз қызметі.
Әуе компаниясы өкілдерінің айтуынша, құжаты жоқ жолаушылар рейске отырғызылмайды. Туристік операторлар да ақпаратты растады.
Түркия билігі Ұлыбритания мен өзге елдерде анықталған коронавирустың жаңа штамына байланысты елге кіру ережелерін қатайтқан. Шара 2021 жылдың 1 наурызына дейін күшінде болады деп айтылады.
ПІКІРЛЕР