Accessibility links

Лондон соты WikiLeaks иесі Ассанжды АҚШ-қа экстрадициялаудан бас тартты


Джулиан Ассанж
Джулиан Ассанж

Лондонның қылмыстық істер бойынша орталық соты Wikileaks құрушысы Джулиан Ассанжды АҚШ-қа экстрадициялаудан бас тартты. АҚШ Ассанжға Ирак пен Ауғанстандағы әскери операцияның құпия ақпараттарын жариялады деп айыптайды. Вашингтон оған барлығы 17 айып таққан.

Wikileaks құрушысы АҚШ-қа экстрадицияланған жағдайда 175 жылға түрмеге қамалады.

Лондон соты шешім шығарарда психикалық жағдайы мен өз-өзіне қол салу қаупін ескерген. Судья Ванесса Барайтсер АҚШ-та түрмеде изоляцияда ұстаса, ол түрмеде суицид жасауы мүмкін деп санайды деп оны экстрадициялаудан бас тартты.

Судья шешім шығарардан медициналық сарапшылардың Ассандж Лондон түрмесінде депрессияға ұшырағаны жайлы анықтамасын да ескерген.

АҚШ Лондон сотының шешіміне аппеляциялық шағым түсіретінін мәлімдеді.

Ассандж АҚШ-тың сұрауымен Лондонда 2019 жылы сәуірде ұсталған. WikiLeaks негізін қалаушы АҚШ пен Швециядағы (мұнда зорлау айыбы) өзінің үстінен қозғалған істерден қашып, 2012 жылдың маусымынан 2019 жылдың сәуіріне дейін Эквадордың Лондондағы консулдығын паналап келген. Бірақ Эквадор оны дипломатиялық баспанадан айырған. Кейін британ полициясы оны ұстаған.

Ассанж АҚШ өзін саяси себеппен қудалап жатыр деп санайды.

Ассанж қорғаушылары оның депрессияға ұшырап, суицид жайлы ойлап жүргенін айтып, ол АҚШ-та түрмеге қамалса жағдайы нашарлап кетеді санайды.

Ал АҚШ билігінің адвокаттары Ассанждың жағдайы "экстрадициядан бас тартатындай қиын емес" деп есептейді.

Адам құқығын қорғау саласындағы Amnesty International, Human Rights Watch және Reporters Without Border ("Шекарасыз тілшілер") ұйымы Ассанжды экстрадициялауға қарсы шыққан.

АҚШ президенті Дональд Трамп Ассанжды кешіруге мүмкіндігі бар. Ассанждың әйелі Стелла Морис Трамптан президенттіктен кеткенге дейін Ассанжға кешірім беруді сұраған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG