Accessibility links

Facebook ұжымдық шағым бойынша 650 млн доллар төлейді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

АҚШ округтық судьясы Джеймс Донато Facebook әлеуметтік желісіне қарсы түсірілген ұжымдық шағым бойынша бітім келісімін мақұлдады. Шағым 2015 жылы 1,6 миллион желі қолданушысының атынан түсірілген. Олар әлеуметтік желіні жеке өмірдің қол сұғылмаушылығын бұзды деп айыптады. Келісім аясында Facebook компаниясы талапкерлерге 650 миллион доллар төлейді.

Донатоның айтуынша, бұл – ақпарат құпиялығын бұзу жөніндегі ең ірі шағымдардың бірі.

"Өтемақы алуға мүдделі әрбір талапкер 345 доллардан алады" деп жазды судья өзінің шешімінде.

Талапкерлерге өтемақы чек күйінде алдағы екі айдың ішінде поштамен жіберілуі мүмкін. Бұл туралы 1,6 миллион Facebook қолданушысының атынан шағым түсірген адвокат Джей Эдельсон Chicago Tribune газетіне берген сұхбатында айтты.

"Мәселенің реттелгеніне қуаныштымыз" делінген Facebook компаниясының мәлімдемесінде.

Талапкерлер әлеуметтік желіні Иллинойс штатының биометрикалық ақпарат құпиялығы туралы заңын бұзды деп айыптады. Компания желі қолданушылары жүктеген фотоларға адамды сәйкестендіру технологиясын пайдаланған, бұл үшін желі қолданушыларынан рұқсат сұрамаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG