Украина президенті Владимир Зеленский 27 сәуірде Ресей әскері шекара маңына "кез келген сәтте" оралуы мүмкін деп мәлімдеп, қарулы күштерді қырағылықты жоғалтпауға шақырды.
Украина шығыста ресейшіл сепаратистермен күресіп жатыр. 2014 жылы көктемде Ресей Қырым түбегін басып алғаннан кейін Донбаста қарулы қақтығыс басталған. Кейінгі апталарда Украина шығысы мен Қырымда Ресей әскерінің көбеюі Киев пен Батыс елдерінің алаңдаушылығын туғызған. 23 сәуірде Мәскеу Украинамен шекара маңынан әскерін әкете бастаған.
"Әскер кетті екен деп әскери дайындықты әлсіретуге болмайды, Ресей әскері кез келген сәтте шекара маңына оралуы мүмкін" деді сейсенбі күні Қырым маңындағы Украина әскері шоғырланған нысандарды аралаған Зеленский.
27 сәуірде Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу Украинамен шекара маңынан әскер әкету туралы шешімге Батыс қысымы әсер еткен жоқ деп мәлімдеді. Мәскеу қорғанысты нығайту үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды деді ол. Министр сонымен бірге Ресейге жақын аумаққа НАТО күштерінің шоғырлануына да алаңдаушылық білдірген.
ПІКІРЛЕР