Accessibility links

Украина НАТО саммитіне шақырылмағанына наразы


Қара теңіздегі НАТО кемелері.
Қара теңіздегі НАТО кемелері.

НАТО-ға ұмтылып жатқан Украина бұл бағытта ілгерілеушіліктің жоқтығына наразы. 26 мамырда Киев НАТО-ның "ашық есік" саясатының Украинаға келгенде нәтижесіз шығып жатқанын алға тартып, әскери блоктың келесі айда өтетін саммитіне Украинаның шақырылмағанына наразылық білдірді. Ресеймен жағдай ушыққан тұста НАТО өкілдері 14 маусымда Брюссельде кездесіп, АҚШ президенті Джо Байден жетекшілігіндегі трансатлантикалық одақ арасындағы қатынасты нығайту мәселесін талқылайды.

“Одақтастардың жабық саммит өткізуге деген құлшынысын түсінеміз... Бірақ Украинаны оған не үшін шақырмағаны түсініксіз” деді Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба.

Президент Владимир Зеленский осы айдың басында НАТО-дан Қара теңіздегі ықпалын күшейтіп, Вашингтоннан алдағы саммитте Киевтің НАТО-ға мүше болу бойынша ұсынған жоспарын қолдауды сұраған.

Ресей 100 мыңнан астам әскерін Украинамен шекараға және Қырымға шоғырланғандырғаннан кейін Зеленский әскери одаққа осындай үндеу жасап отыр. 2014 жылғы Қырым аннексиясы мен Украина шығысында соғыс басталғалы бері шекара маңына және түбекке осыншалықты көп әскер орналаспаған.

Украина шығысында Кремль дем беретін сепаратистер мен украин әскері арасында қақтығыс тыншымаған шақта Ресейдің шекара маңында әскерді көбейтуі батыстың алаңдаушылығын туғызды. 2014 жылдың сәуір айынан бері мұнда 13 мыңнан астам адам қаза болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG