Accessibility links

Канадалық компания "Қырғызалтынның" үстінен төрелік сотқа шағымданды


Құмтөр кеніші. Маусым айы, 2021 жыл.
Құмтөр кеніші. Маусым айы, 2021 жыл.

7 шілдеде Centerra Gold Inc. компаниясы Қырғызстан үкіметінің үстінен төрелік сотқа қосымша шағымдар өткізгенін мәлімдеді.

Канадалық компания сайтында жарияланған мәліметке қарағанда, "Қырғызалтынның" үстінен төрелік сотқа шағым түскен.

Компаниядағылар "Қырғызалтын" алтын кеніне бақылау орнату үшін Қырғызстан үкіметімен сыбайлас болған деп есептейді.

"Centerra Gold Inc. Қырғызстан үкіметі мен "Қырғызалтынды" жауапқа тарту арқылы шығынның барлығын өндіріп алуды көздейді" делінген мәлімдемеде.

16 мамырда Centerra Gold Inc. Қырғызстан үкіметінің үстінен төрелік сотқа шағымданған. Оған министрлер кабинетіне Құмтөр кенішін сырттай басқаруға мүмкіндік беретін заңның қабылдануы түрткі болған.

17 мамырда Қырғызстан парламенті "Құмтөр Голд Компания" қызметін тексеру жөніндегі мемлекеттік комиссияның есебін тыңдап, үкіметке кәсіпорынға сырттай басқару енгізуге кеңес берген. Ертесіне сыртқы басқару басшысы болып Тенгиз Бөлтүрүк тағайындалды.

18 мамырда канадалық компания "Қырғызалтынға" Centerra Gold Inc акцияларымен операция жасауға тыйым салғанын хабарлады, ал 20 мамырда Тенгиз Бөлтүріктің үстінен сотқа арызданды. Кейін Centerra Gold Inc. қарамағындағы "Құмтөр Голд Компани" мен "Құмтөр Оперейтинг Компани" Нью-Йорктің Оңтүстік округындағы сотқа шағымданды

Құмтөр – Қырғызстандағы ең ірі алтын кені. Оны канадалық Centerra Gold Inc өндіреді. Қырғызстан акциялардың 26 пайызына ие. Кәсіпорын Қырғызстанның жалпы ішкі өнімінің он пайызын береді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG