Accessibility links

Қытай коронавирустың төркіні жайлы барлау нәтижесін жариялағалы отырған АҚШ-ты қатаң сынады


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Қытай АҚШ-ты "коронавирустың шығу төркінін зерттеуді саясиландырып отыр" деп айыптады. Пекин Америка барлауының есебі жарияланар тұста шабуылға көшті.

Қытай сыртқы істер министрлігі қару-жарақты бақылау департаментінің басшысы Фу Кон 25 тамызда өткен брифингте "АҚШ Қытайды еш негізсіз айыптап, кінәлі қылып қойғысы келсе, қарсы шабуылға дайын болсын" деп мәлімдеді.

Америка барлауының есебі коронавирустың қалай және қайда пайда болғаны жөніндегі түрлі теорияларға байланысты пікірталастарға жол ашу үшін президент Джо Байден бұйрығымен жасалып жатыр.

Ақ үйдің ресми өкілі Джен Псакидің хабарына қарағанда, Байден барлау есебінің көшірмесін алған. Оның айтуынша, есептің құпиясы жоқ бөлігі қоғамға таныстырылады.

АҚШ ресми тұлғаларына сүйенген БАҚ-тар жазуына қарағанда, барлау есебінде әзірге үзілді-кесілді түйін жасалмаған.

Коронавирус алғаш тараған Ухань қаласындағы лабороториясын қорғаштаған Қытай "вирус Американың Мэрилендтегі Форт-Детрик қаласындағы әскери лабораториясынан тарауы әбден мүмкін" деп дәлелсіз нұсқа ұсынған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG