Кабулда ауған әйелдері наразылыққа шықты
"Талибан" үкіметі әйелдер құқығын шектеуі мүмкін деген алаң күшейге тұста 30-ға тарта әйел Кабул көшесіне шығып, наразылық білдірді. Олар білім алу, жұмысқа оралу және үкімет құрамына мүше болу құқығын талап етті. 1996-2001 жылдары билік құрғанда тәліптер әйелдер құқығын қатты шектеген. Бірақ бұл жолы олар әйелдерге білім алуға, жұмыс істеуге мүмкіндік беретінін айтады. Бірақ сөйте тұра тәліптер шариғат заңын енгізетінін айтады. Видеоны Азаттықтың Ауған қызметіне наразылық акциясының қатысушылары жіберді.
ПІКІРЛЕР