Жексенбі, 26 қыркүйекте Германияда 16 жылдан бері алғаш рет канцлер Ангела Меркельдің қатысуынсыз парламент сайлауы өтіп жатыр. Ангела Меркель 2018 жылы Христиан-демократиялық одағы жетекшілігінен бас тартып, канцлер ретіндегі төртінші мерзімі аяқталғаннан кейін саясаттан кететінін мәлімдеген.
Германияда халық партияны таңдайды, партиялар канцлер қызметіне өкілін ұсынады.
Канцлер қызметіне неғұрлым танымал саяси ұйымдардан үш үміткер ұсынылған, олар – Армин Ланшет, Христиан – демократиялық одақ төрағасы; Олаф Шольц, қазіргі вице-канцлер әрі Социал-демократиялық партия мүшесі және "Жасылдар" партиясынан Анналена Бербок. Бақылаушылар әзірге бұлардың қайсысы жеңері белгісіз деп отыр.
Әлеуметтік сауалнамаға қарағанда, бундестагқа алты партия өтіп, "Жасылдар" партиясы көпшілік дауыс алуы мүмкін. Сайлауға барлығы 50 партия мен қозғалыс қатысып жатыр.
ПІКІРЛЕР