RBK банкінің Павлодардағы бөлімшесі директорының денесі табылды. Бұл жөнінде Павлодар облыстық полициясының баспасөз қызметіне сүйенген Sputnik Қазақстан агенттігі хабарлады. Полиция оның "өзіне қол жұмсағанын" айтқан.
Қылмыстық кодестің 105-бабы бойынша ("Жәбiрленушiнi қорқыту, оған қатыгездiкпен қарау немесе оның адами қадір-қасиетiн үнемі қорлау арқылы адамды өзiн өлтiруге дейін итермелеу") сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Сараптама тағайындалған.
Полиция дерегіне сүйенген кейбір БАҚ 49 жастағы әйелдің 8-қабаттан секіргенін жазған.
Vlast сайтының жазуынша, оқиғаға түсініктеме берген RBK банкі қаржы мекемесі "оқиғаның себебін анықтау үшін тергеуге барынша көмектеседі" деп мәлімдеген.
"Осы жұмыс аяқталғанша банк тексерілмеген ақпаратты таратпауды сұрайды" делінген банк хабарламасында.
ПІКІРЛЕР