Accessibility links

Еуроодақ елдері көмірді уақытша пайдалану жағын қарастырып жатыр


"Туров" көмір шахтасы.
"Туров" көмір шахтасы.

Еуропада газ бағасының шарықтауы кейбір тұтынушыларды лигнит, көмір сияқты ауаға көп зиянды заттар шығаратын отын түрлерін пайдалануға итермелеп отыр. Бұл жөнінде Евроньюс арнасы хабарлады.

Еуропаның көптеген елдері жасыл энергия көзіне біртіндеп көшуге дайындық жасап жатқан шақта осындай ақпарат тарап отыр.

Кейінгі кезде Еуропада көмір мен көмірсутек құнының едәуір өскеніне қарамастан газ құнымен салыстырғанда оның бағасы едәуір арзан.

Ал Варшава мен Прага арасында "Туров" көмір шахтасына байланысты дау ушыққан. Польша Чехиямен шекарада орналасқан көмір өндіретін кәсіпорнын жабудан бас тартты. Люксембургте шоғырланған Еуроодақ соты аталған шахтаны жабу туралы шешімді орындамағаны үшін Варшаваны күн сайын жарты миллион еуро төлеуге міндеттеген. Праганың айтуынша, елдің солтүстігіндегі елді мекен халқы көмір түтініне тұншығып, зардап шегіп отыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG