Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясы Жогорку Кенеш сайлауына қатысқалы отырған 21 партияның аты сайлау бюллетеніне нешінші нөмірмен жазылатынын жеребе тастап, тікелей эфирде анықтады.
Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы бір мандатты округтен сайлауға түсетін 321 кандидат тіркелгені хабарланған.
Қырғызстанда Жогорку Кенеш сайлауы 28 қарашада өтеді. Сайлау алдындағы үгіт-насихат 29 қазанда басталған.
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров биыл тамызда "Қырғыз Республикасының пррезидентін сайлау және Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің депутаттарын сайлау туралы" заңды өзгерткен.
Бұрын партиялық жүйе бойынша сайланып келген Жогорку кенеш осы өзгерістен кейін аралас сайлау жүйесі бойынша сайланады.
Парламенттің жаңа құрамында 90 депутат болады. Оның 54-і пропорционалды жүйе (саяси партиялардың кандидаттары), 36-сы мажоритарлы жүйе (бір округтен бір мандат) бойынша сайланады.
ПІКІРЛЕР