Accessibility links

ОАР-да коронавирустың жаңа варианты анықталғаннан кейін ДДСҰ төтенше жиын өткізетінін хабарлады


Оңтүстік Африка ғалымдары коронавирустың өте тез жұғатын және мутацияға жылдам ұшырайтын варианты анықталғанын хабарлады. Ғалымдар бұл вариантты вакцинаның өзі де тежей алмауы мүмкін деп қауіптенеді. Жаңа вариантты қадағалап отырған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) 26 қарашада төтенше жиын өткізетінін мәлімдеді. Онда жаңа варианттың таралу мәселесі талқыланады.

"Вирус мутацияға көп ұшыраған кезде таралу сипаты өзгереді. Бұл алаңдатарлық жағдай" деді ДДСҰ өкілі Мария Ван Керкхове.

B.1.1.529 деп анықталған жаңа вариант мутацияға ең көп ұшырайтын вирус нұсқасы ретінде танылып отыр. Вариант Оңтүстік Африканың солтүстігіндегі Хаутенг провинциясында таралған. Бұл аймаққа Йоханнесбург пен ОАР астанасы Претория да кіреді.

Оңтүстік Африканың індетпен күрес және инновация орталығының директоры, профессор Тулио де Оливейраның айтуынша, жаңа вариант мутацияға ұшырау деңгейі жағынан мамандарды шынымен де алаңдатып отыр. Вирусолог бейсенбілік онлайн брифинг кезінде варианттың әзірге 50 мутациясы анықталғанын айтты.

Ұлыбритания үкіметі 26 қарашадан бастап Оңтүстік Африка мен Африканың өзге де бес мемлекетінен келетін ұшақтарға тыйым салды.

Мутациялардың едәуір бөлігі "биологиялық тұрғыда маңызды, олар вирустың екпе, емдеу мен таралуына қатысты әрекетін өзгерте алады" деді Ұлыбританияның денсаулықты сақтау агенттгі.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG