Accessibility links

Ұлттық банк "Стати ісі" бойынша бұғатталған Ұлттық қор қаржысының қайтарылғанын хабарлады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан Ұлттық банкі молдовалық кәсіпкер Статидің шағымына байланысты бұғатталған Ұлттық қордың 536 млн доллар қаражаты қайтарылғанын хабарлады.

"2021 жылы 16 қарашада Брюссель аппеляциялық соты Стати тарабының алаяқтық әрекеті туралы қорытындысы негізінде Бельгия аумағында төрелік шешімді тану және орындау туралы шешімнің күшін толық жойды. Қазақстан Ұлттық банкі мен Қазақстан Әділет министрлігінің бірлескен күш-жігерінің нәтижесінде Ұлттық қордың жоғарыда аталған активтері тыйым салудан босатылды" делінген Ұлттық банктің 27 қарашада таратқан хабарламасында.

Молдовалық бизнесмен Стати мен Қазақстан билігі арасындағы сот бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. Қазақстанның мұнай саласына инвестиция салған Анатол Стати мен оның ұлы Габриэль Стати Қазақстанның мемлекеттік органдары өзін "инвестициясын тым арзанға сатуға мәжбүрлеу үшін қыспаққа алғанын" айтқан. Нұр-Сұлтан бұл айыптауды терістеп, Статиді "алаяқтық жасады" деп айыптаған.

Стати шағымдары негізінде Қазақстан Ұлттық қорының активтері орналастырылған Bank of New York Mellon 2017 жылы Ұлттық қордың активтерін бұғаттаған. 2018 жылдың мамыр айынан бері Ұлттық қордың 536 млн доллар қаражаты бұғатта болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG