Accessibility links

Коронавирустың жаңадан пайда болған "Омикрон" штамы шекара жапқыза бастады


Коронавирустың "Омикрон" штамы таралуына байланысты Израиль жексенбі, 29 қарашадан бастап шетел азаматтарын кіргізбейтін болды. Алғашқы зерттеулерге қарағанда жаңадан пайда болған "Омикрон" штамы бұрынғы штамдардан әлдеқайда тез жұғуы, оған вакцина да қарсы тұра алмауы мүмкін.

Израиль премьер-министрі Нафтали "шетел азаматтарына тыйым екі аптаға жалғасады, тыйымның мақсаты - жаңа штамм қаупін нақтырақ бағалау үшін мамандарға уақыт беру" деп мәлімдеді.

Марокко билігі де жолаушылар таситын әуе рейстерін тоқтатты. "Омикрон" штамы шықпаса да көптеген елдер, оның ішінде АҚШ пен Ресей де бар, "Омикрон" пайда болған Африканың оңтүстігіндегі мемлекеттермен әуе қатынасын шектеді.

Оңтүстік Африка республикасының билігі "біздің ғалымдарымыздың жаңа штамды анықтағаны үшін кінәлі боп қалдық" деп мұндай тыйымдарға наразылық ілдірді.

Жаңа штамм ОАР мен Ботсванадан ғана емес, Ұлыбритания, Израиль, Австралия, Гонконг және Еуропа одағының бірқатар елдерінен де шықты. Жексенбі күні ОАР-дан Нидерландыға ұшып келген 600 жолаушыны тексергенде 13-інен "Омикрон" штамы табылған.

Медиктер мен вирусологтар "Омикрон" бұрынғы штамдардан қауіпті ме, әлде олардан жеңілірек пе, оған вакцина әсер ете ме, жоқ па деген мәселеге байланысты әзірге нақты қорытынды жасаған жоқ. Ол үшін әлі де бірнеше апта керек. ОАР-дан жеткен алғашқы мәліметтерге қарағанда, бұл штамм бұрынғыларынан өзгерек.

Жаңа штамның пайда болғаны өткен аптада нақтыланды. 26 қарашада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оны "қауіпті штамм" деп жариялады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG