Accessibility links

Еуропа одағы Беларусь азаматтық қоғамына 30 миллион доллар көмек беретін болды


Беларусь президенттігіне түскен тәуелсіз кандидат Светлана Тихановская
Беларусь президенттігіне түскен тәуелсіз кандидат Светлана Тихановская

Беларусь азаматтық қоғамына көмекке Еуропа одағы тағы да 30 миллион доллар бөледі. Бұл көмек елінен кетуге мәжбүр болған кәсіпкерлер мен жастарға, мәдениет қайраткерлеріне, тәуелсіз БАҚ-тарға да беріледі. Бұл туралы 12 желтоқсанда Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляен мәлімдеді.

"Еуропа одағы белорус халқының бостандық пен демократия жолындағы күресін қолдайды", — деді Еуропа комиссиясының басшысы Еуропа одағы елдері өкілдерінің белорус оппозициясымен кездесуінде. Ол Еуропа одағы Беларусьтің демократиялық жолмен сайланатын болашақ үкіметіне үш миллиард доллар бөлуге дайын екені жайлы құлағдар етті.

Еурокеңес төрағасы Шарль Мишель Беларусь оппозициясының жетекшісі Светлана Тихановская қатысқан кездесуде келер жылы өтетін "Шығыстағы серіктестік" саммитінде Беларусь демократиялық жолмен сайланған президент келеді деп үміттенетінін айтты. Оның сөзінше биыл, 15 желтоқсанда өтетін саммитте Беларусь еліне арналған кресо бос тұрады.

Мишель қазір Беларусьте 900 саяси тұтқын бар екенін, Еуропа одағы адам құқығын бұзғандарды жауапқа тарту мәселесін қарастырып жатқанын айтты.

Еуропа одғаы Александр Лукашенконы Беларусьтің легитимді президенті деп мойындамайды. Ресми Минск биыл Еуропа одағы мен бұрын СССР құрамында болған елдерді біріктіретін "Шығыстағы серіктестік" бағдарламасынан шығатынын хабарлады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG