Accessibility links

Байқоңырдағы мектептерде алғаш рет қазақ тілі мен әдебиет пәні оқытылады


Қазақстанның оңтүстігіндегі Байқоңыр қаласында орыс мектептерінде алғаш рет қазақ тілі мен әдебиет пәні оқытыла бастайды. Бұл жөнінде Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіхалықоваға сүйенген "Интерфакс" агенттігі хабарлады. Облыс әкімінің сөзіне қарағанда, 2019 жылдан бері Мәскеу мен Нұр-Сұлтан арасында жүрген келіссөз барысында осы мәселе қарастырылып, шешімін тапқан.

Мәскеу Байқоңырды Қазақстаннан 2050 жылға дейін жалға алған. Осы мерзім аралығында Байқоңыр федералдық маңызы бар Ресей қаласы болып есептеледі. 2015 жылға дейін қаладағы барлық мектептер Ресей білім жүйесі бойынша орыс тілінде оқытылып келген. Артынша біртіндеп Қазақстанның білім жүйесіне көшіріле бастады.

Қала тұрғындарының 70 пайызы – қазақ. Жергілікті жоғары оқу орындарына түсу үшін мектеп түлектері Ұлттық бірыңғай тест тапсырады. Бұған дейін қазақ тілі, қазақ әдебиеті мен Қазақстан тарихы орыс мектептерінде факультативтік сабақ ретінде өткізілген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG