Accessibility links

Айжан Есмағамбетова: Қазақстанда "Омикрон" жоқ, "Дельта" штамы көбірек


Айжан Есмағамбетова.
Айжан Есмағамбетова.

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова Қазақстанда коронавирустың қалған түрлеріне қарағанда "Дельта штамы" көбірек екенін айтты. Оның сөзіне қарағанда, коронавирустың жаңа түрі – "Омикрон" елде әзірге жоқ.

"Біз толық геномды секвенирлеу жасадық. Нәтижесі тәуелсіздік мерекесі күндері дайын болды. Қазіргі кезде "Дельта" ("Дельта", "Дельта плюс" – екеуі де бір, А.Е.) штамы көбірек болып тұр. Коронавирус жұқтырғандардың 87 пайызы – "Дельта", 9 пайызы – британ штамы. Яғни, альфа штамм. Қараша айында бөлінген үлгілерді секвенирлеу нәтижесі бойынша, "Омикрон" анықталған жоқ" деді 28 желтоқсанда ақпарат құралдарына жауап берген Айжан Есмағамбетова.

"Омикрон" – қараша айының ортасында Оңтүстік Африкада алғаш рет тарай бастаған коронавирустың жаңа түрі. Соңғы мәлімет бойынша, әлемнің жүзге жуық елінен "Омикрон" анықталған. Ғалымдардың айтуынша, "Омикрон" жылдам тарайды, оның ауруды асқындыратыны туралы дерек жоқ. Дегенмен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) оны "алаңдатарлық штамм" деп атаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG