Accessibility links

Николай Патрушев: "Кремль соғыс қаламайды, Батыстың қауіптенетін жөні жоқ"


Сергей Лавров пен Николай Патрушев (оң жақта)
Сергей Лавров пен Николай Патрушев (оң жақта)

Ресей соғыс қаламайды, Украинаға ешқандай қатер төндірмейді, АҚШ билігі бос сөз айтып жүр. Ресей қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев журналистер алдында осылай деді.

ТАСС хабарлауынша, жексенбіде Патрушев Санкт-Петербургтегі Пискаревск мемориалды зиратына гүл шоғын қойып, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қоршауда қалған Ленинград құрбандарын еске алған.

"Ресей Украинаға қатер төндіріп тұр дейді. Бос сөз. Ешқандай қатер жоқ", – деген Патрушев, "украиналықтардың өзі, соның ішінде ресми тұлғалары да қатер жоқ деп отырғанын" атап өтті.

"Жоқ, американың ресми адамдары қатер бар деп есептейді екен, олар Украинаға қару беріп, Украинаның соңғы азаматы қалғанша шайқасуға дайын екен", – деді Ресей қауіпсіздік кеңесінің хатшысы.

Оның сөзінше "соғысса екі тараптың қаншалықты зардап шегетінінде америкалықтардың шаруасы жоқ".

28 қаңтарда АҚШ мемлекет хатшысы Энтони Блинкен Мәскеуді Ресей мен Украина және Батыс арасындағы араздықты дипломатиялық тәсілге жүгініп тоқтатуға шақырған.

27 қаңтарда Азаттыққа берген сұқбатында Блинкен "Вашингтон Кремльдің Украина жөніндегі түпкі мақсаты мен Еурападағы қауіпсіздік құрылымын қайта жазуды не себептен талап етіп отырғанын әлі күнге білмейтінін айтқан еді.

"Кремльдің нені қалайтынын білетін бір-ақ адам бар. Ол - президент Путин. Бәлкім, дәл қазір ол да білмеуі мүмкін, өйткені бұл оның бұрынғы тәсілі, - ол әрі қарай қалай әрекет етудің мейлінше алуан түрлі нұсқаларын қарастырады", - деп мәлімдеді Блинкен.

АҚШ-тың жоғары лауазымды дипломаты Құрама Штаттар Ресейдің өткен айда қойған ультиматумына ресми түрде жауап берген күннің ертеңіне сөйлеп отыр.

Ультиматумға ұқсас екі жоба ұсынған Ресей Украинамен шекарасына 100 мың әскерін әкеп қойған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG