Accessibility links

Америка Польша мен Румынияға үш мың әскерін жібереді


Польшадағы Америка әскерінің жаттығуы.
Польшадағы Америка әскерінің жаттығуы.

Ресей Украинаға басып кіреді деген болжам күшейген шақта Америка НАТО елдерінің қауіпсіздігін нығайту мақсатында жуырда Орталық және Шығыс Еуропа елдеріне үш мың сарбазын жібереді. Бұл жөнінде Джо Байден әкімшілігіне сүйенген CNN арнасы хабарлады.

Ізінше Пентагонның ресми өкілі хабарды растады. АҚШ қорғаныс министрлігінің мәліметінше, президент Байден Еуропаға Американың екі мың әскерін жіберу туралы бұйрық берген. Олар Польшаға жөнелтіледі.

Бұған қоса, мың сарбаз Румынияға жіберіледі, алайда АҚШ-тың өзінен емес, Германиядан барады.

Осыған дейін АҚШ 8500 әскер қызметкерін Еуропаға жөнелту үшін дайындық режиміне көшірген.

Ұлыбританияның да жуырда Польша мен Эстонияға қосымша контингент жіберетіні хабарланған.

АҚШ пен одақтастары Ресей Украинаға шабуыл жасаса, Солтүстікатлантикалық одақтың шығыс қапталында НАТО әскері ұлғаяды деп мәлімдеген. Батыс Украинаның өзіне әскер жібермейтінін айтқан. Пентагон өкілі Америка әскері Украина аумағында соғыспайтынын растады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG