Accessibility links

Қырғызстан мен Тәжікстанның шекарадағы тұрғындары "Достық палауына" жиналды


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Қырғызстан мен Тәжікстан шекара аймағындағы ауыл тұрғындары 19 ақпанда "Достық палауы" акциясына жиналды. Азаттықтың Тәжік редакциясының хабарлауынша, кездесу Тәжікстанның Хистеварз ауылы мен Қырғызстаның Борбордук ауылы тоғысқан тұстағы ресторанда өткен.

Тәжік жағының мәліметіне қарағанда, екі республиканың шекара маңындағы ауылдарынан 100-ге жуық адам келген және Тәжікстанның Бободжон ауданының басшысы Зафарбек Даулатзада мен Қырғызстанның Баткен ауданының әкімі Алмазбек Рахманқұлов қатысқан.

"Екі елдің әскери қызметкерлері де байқалды" деді "Озоди" радиосы Бободжан Ғафуровтың әкімшілігінің хабарына сүйеніп. Бұл хабарға қарағанда "достық ықыласпен әңгімелесіп, палау жеген екі жақ та мұндай кездесуді көптен күткен".

Бұл - 27 қаңтарда қырғыз-тәжік шекарасында болған қарулы қақтығыстан кейінгі үшінші акция болып отыр. Оған дейін екі тарап "жанжалды ушықтырды" деп бірін-бірі кінәлап келген. Қарулы қақтығыста қырғыз жағынан 13 адам зардап шегіп, тәжік жағынан екі адам өлген және 10 адам жараланған

2021 жылы 28-30 сәуірде шекарада болған қарулы жанжалдан кейін Қырғызстан мен Тәжікстан қатынасы күрт ушыққан еді. Бұл жанжалда Қырғызстанның 154 адамы зардап шегіп, 36 адамы өлген, тәжік жағынан 19 адам өліп, 87 адам жараланған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG