Visa және Mastercard төлем жүйелері Украинадағы соғысқа байланысты Ресей банктерімен жұмысын тоқтатады. Яғни, осы жүйемен шығарылған ресейлік карталар – шетелде, шетелдік карталар Ресейде жұмыс істемейді.
Осыған дейін American Express төлем жүйесі де Ресей банктерімен жұмыс істеуден бас тартқан. Ресейдің өз ішінде қаржы операцияларын төлем карталарының ұлттық жүйесі жүзеге асырады.
Шетелде жүрген ресейліктер "Мир" немесе қытайлық China UnionPay сияқты балама төлем жүйелерін қолдануға мәжбүр болады.
"Мир" картасы он елде қабылданады, арасында Түркия, Вьетнам, Армения, БАӘ, Кипр бар. Unionpay жүйесін ресейлік бірнеше банк қана шығарады, бірақ оларды әлемнің 150 еліндегі банкоматтар мен сауда орындарының бір бөлігінде қабылдауы тиіс.
ПІКІРЛЕР