Accessibility links

"Украина халқы атынан мүмкіндік беремін". Зеленский Ресей әскерилерін берілуге шақырды


Украина президенті Владимир Зеленский
Украина президенті Владимир Зеленский

Украина президенті Владимир Зеленский 15 наурызда видеомәлімдеме жасап, Ресей әскерилерін берілуге шақырды.

"Украинадан ештеңе ала алмайсыздар. Өмірлерді қиярсыздар. Сіздер өте көпсіздер. Бірақ сіздердің өмірлеріңізді де алады. Бірақ не үшін өлімге барасыздар? Білем, тірі қалғыларыңыз келеді. Сіздердің бұл соғыс жайлы, бұл масқара жайт жайлы, елдеріңіз туралы не ойлайтындарыңызды естіп жатырмыз. Бір-біріңізбен әңгімелеріңізді, жақындарыңызға қоңырау шалғанда айтқандарыңызды да тыңдадық. Сіздердің не ойлайтындарыңызды білеміз. Сондықтан сіздерге таңдау ұсынамын. Украина халқының атынан сіздерге мүмкіндік беремін. Біздің әскерилерімізге берілсеңіздер, сіздерге адам деп қараймыз" деді ол.

Зеленский мәлімдемесінде "Ресей Украинаға басып кіргелі 19 күннің ішінде Шешенстандағы екі соғыспен салыстырғанда көп шығынға ұшырағанын" айтты.

"Біздің батыл отан қорғаушыларымыз Ресей әскерін шығынға ұшыратып жатыр. Жақын күндері Ресейдің құлаған тікұшағы жүзге жетеді. 80 әскери ұшағын, жүздеген танкісін, мыңдаған әскери техникасынан айырылды" деді Украина басшысы.

Киев Ресей Украинаға басып кіргелі 13,5 адамынан айырылды (қаза тапқандар мен жараланғандар) деп мәлімдеген. Ресей наурыздың басында 498 әскериінен айырылғанын айтқан. Одан кейін Кремль адам шығыны жайлы мәлімет таратпады.

АҚШ қорғаныс министрлігі кейінгі бірнеше күнде Ресей күштері Украинада айтарлықтай прогресске жете алмады, "тығырыққа тірелді" деп мәлімдеді. Пентагон Украина әскерилері Ресейдің бронетехникаларына, ұшақтарына, логистикасына "тиімді шабуыл жасай алды" дейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG