Францияның қазіргі президенті Эммануэль Макрон мен "Ұлттық бірлік" әсіре оңшыл күштерінің өкілі Марин Ле Пен президент сайлауының екінші турына өтеді.
10 сәуірдегі алғашқы тур аяқталғаннан кейінгі экзит-пол мәліметтерді осыны көрсеткен.
Барлығы 4 сауалнама нәтижесі жарияланған. Оның қорытындысына қарағанда, Макрон 28 -29,5 пайыз, Ле Пен 23- 24,5 пайыз дауыс жинаған. Макронның біртіндеп алға ұзап бара жатқаны байқалған.
Үшінші орында 20 пайыз дауыспен әсіре солшыл кандидат Жан-Люк Меланшон тұр. Жексенбідегі сөзінде ол Макронды тікелей қолдамаса да жақтастарын екінші турда Ле Пенге дауыс бермеуге шақырды. Төртінші орынға шыққан ұлтшыл-популист Эрик Земмура Лен Пенді қолдады.
Сайлау нәтижелері осыдан быс жыл бұрынғы сайлауға қатты ұқсайды, онда да Макрон мен Ле Пен екінші турға шыққан. Ол кезде Макрон жеңіске өте сенімді жетсе, социологтардың пікірінше, қазіргі бәсеке одан әлдеқайды тартысты болады.
Екінші тур екі аптадан кейін өтеді.
- Франция халықаралық радиосының хабарлауынша, 39 жасында сайланған Эммануэль Макронның президенттік мерзімі Франциядағы және әлемдегі дағдарыстарға тура келген. Оның ішінде зейнетақы реформасын радикалды түрде реформалауға келіспеген "сары жилеттердің" қарсылығы, коронавирус індеті және Ресейдің Украинаға басқыншылығы бар.
- Макрон кандидатурасын екінші мерзімге ұсынатынын бірінші турға 40 күн қалғанда ғана ресми түрде жариялады. Ол "өзі ойлағандай сайлау кампаниясын жүргізе алмай жатқанын" мәлімдеп, жұмысының қауырттығына байланысты өзге кандидаттармен тікелей дебатқа шығудан бас тартты.
- Associated Press инфляцияның жоғарылауы, азық-түлік пен жанар-жағар майдың қымбаттауына байланысты кейінгі кезде Макрон рейтингі төмендеді деп есептейді.
- Бұрын Мәскеуге барған, кейбір сарапшылар Кремльшіл саясаткер деп те бағалаған Марин Ле Пен Ресейдің Украинаға басқыншылығын айыптаған.
ПІКІРЛЕР