Accessibility links

Қапшағай соты экстремизм бабымен сотталған Қайрат Қылышевты шартты жазамен босату туралы шешім шығарды


Соттағы жарыссөз кезінде ағылшынша "Құрметті Еуроодақ, АҚШ, Канада, сіздерден [шара қабылдауды] сұраймыз" деп жазылған қағаз ұстап тұрған белсенді Қайрат Қылышев. Ол сотқа Zoom қосымшасы арқылы тергеу изоляторынан қатысты. Алматы, 28 қыркүйек 2021 жыл.
Соттағы жарыссөз кезінде ағылшынша "Құрметті Еуроодақ, АҚШ, Канада, сіздерден [шара қабылдауды] сұраймыз" деп жазылған қағаз ұстап тұрған белсенді Қайрат Қылышев. Ол сотқа Zoom қосымшасы арқылы тергеу изоляторынан қатысты. Алматы, 28 қыркүйек 2021 жыл.

Бүгін, 11 сәуірде Қапшағай қалалық соты экстремизм бабымен бес жылға сотталған Қайрат Қылышевтің мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырды. Бұл жөнінде Қылышевтың адвокаты Шынқуат Байжанов хабарлады.

- Онлайн сотқа Қайрат Қылышевтың өзі де қатысты. Үкім заңды күшіне 10 күннен кейін енуге тиіс. Осы аралықта прокуратура қайта шағымданбаса, Қайрат Қылышев сот шешімі бойынша берілген жазаның қалған бөлігін шектеулі бостандықта өтейді,- деді Қылышевтың адвокаты Шынқуат Байжанов.

2020 жылы күзде қамалған 39 жастағы Қайрат Қылышев 2021 жылы 11 қазанда "тыйым салынған ұйым жұмысын ұйымдастырды және араласты" деген айыппен (405-бап, 1,2 бөлімдері) сотталған.

Қоғамдық-саяси мәселелерге байланысты түрлі акцияларға қатысып жүрген белсендіні тыйым салынған, тіркелмеген "Көше" партиясын құруға араласты деген айыптаған еді. Қазақстан билігі бұл ұйымды оппозициялық саясаткер, экс-банкир Мұхтар Әблязов жетекшілік ететін "Қазақстанның демократиялық таңдауы" (ҚДТ) қозғалысымен байланыстырады. Екеуін де Қазақстан билігі экстремистік ұйым деп таныған.

Ресми тіркелмеген екі қозғалысты экстремистік деп таныған сот шешімі ресми түрде жарияланбаған.

Жергілікті құқық қорғаушылардың мәліметінше, қазіргі кезде Қазақстанда ҚДТ мен "Көше" партиясына қатысы бар деген күдікке ілінген немесе айыпталған 300-ден аса белсенді бар.

Қайрат Қылышевпен бірге былтыр тағы 12 белсенді айыпталып, түрлі мерзімге жазаланған. Барлығына 405-баб бойынша айып тағылған. Олар өздеріне тағылған айыпты мойындамаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG