Accessibility links

Түркістан облысында бес ауылды су алды. 200 адам қауіпсіз жерге көшірілді


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Түркістан облысы Қазығұрт ауданының Жіңішке, Заңғар, Қарабау, Тұғыртас, Шанақ сынды бес ауылын су алды. Тұрғындардың сөзінше, 25 сәуірге қараған түні 10:30 шамасында сел жүрген. Жергілікті әкімдік 200-ге жуық тұрғынды қауіпсіз аймаққа көшірген. Бірақ үш-төрт сағаттан кейін, судың беті қайтқан соң, тұрғындар үйлеріне қайта оралған.

Қазығұрт ауданы әкімдігінің хабарлауынша, 24 сәуір күнгі жауыннан Сарапхана ауыл округі, Жіңішке елді мекеніне су келген. Сарапхана елді мекенінде 25 мал суға кеткен. Қақпақ ауыл округі Заңғар елді мекенінде 7 үйге су кірген, Қақпақ елді мекенінде 200 жуық (қой, ешкі) малдың шығыны болған. Қарабау ауыл округі Қарабау елді мекенінде 15 үйге су кірген. Қызылқия ауыл округі Тұғыртас елді мекеніне 1 үйге, Қызылсенгір елді мекеніне 12 үйге су кірген. Шанақ ауыл округі Шанақ елді мекеніне сай-саладан келген судың салдарынан ауыл тұрғындарды құтқарылуда. Жалпы 20 үйге су кірген. Мал шығыны анықталуда.

Әлеуметтік желіде тараған видеоларға қарағанда Қазығұрт ауданындағы Қызылтаң ауылын да су басқан.

- Қазір арнайы техникалар тартылып, жауыннан болған суларды ағызу және су кірген жерлерге мотопомпа арқылы шығару жұмыстары жүргізілуде, - дейді әкімдік баспасөз хатшысы Сапарбек Қалботаев.

Ақпаратқа қарағанда, аудан аумағындағы үш су қоймаларында (Ағанай, Рабат, Көкібел) су деңгейі бірқалыпты. Жауын салдарынан болған шығындар қосымша анықталатын болады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG