ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралар тізіміне енген Ичан-қалада құмырсқа бүлдірген нысан жоқ. Өзбекстан туризм және мәдени мұра министрлігінің Мәдени мұра агенттігі осылай деп хабарлады.
Өткен аптада Зоология институның директоры, биология ғылымдарының докторы Бахтияр Холматов термиттер Ичан-қала тарихи кешеніндегі 33 тарихи ескерткішті бүлдірді деп мәлімдеді.
Агентттіктің хабарлауынша, Ичан-қаладағы 58 тарихи ескерткішті термиттерден сақтау жұмыстары бірнеше жылдан бері жүргізіліп келеді. Оған Хорезмдегі Мамун академиясы көмектесіп жүр.
Академиядағы арнайы зертхананың ғылыми қызметкерлері 34 ескерткішті құмырсқа бүлдіргенін анықтаған, нысандарды одан қорғау шаралары сол кезде басталған.
"Он жылда құмырсқалар басқа нысандарды бүлдірмеді. Жұмыс нәтижелі болды" деп жазылған агенттік мәлімдемесінде.
Ақпаратқа қарағанда, Орталық Азия елдерінде құмырсқаның төрт түрі бар. Олар ғасырлар бойы Өзбекстандағы тұрғын үйлер мен сәулет ескерткіштерін бүлдіріп жүр.
ПІКІРЛЕР