Accessibility links

Пеле Путинді соғысты тоқтатуға шақырды


Ресей президенті Владимир Путин және атақты футболшылар Пеле (ортада) мен Марадона (оң жақта). 2017 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин және атақты футболшылар Пеле (ортада) мен Марадона (оң жақта). 2017 жыл.

Аты аңызға айналған бразилиялық футбол ардагері Пеле (Эдсон Арантис ди Насименту) Ресей президенті Владимир Путинді Украинадағы соғысты тоқтатуға шақырды.

"Мұндай озбырлықты ақтауға жол жоқ. Қақтығыс қасірет, қорқыныш және қастықтан басқа ештеңе әкелмейді" деп жазылған Пеленің Путинге үндеп жазған ашық хатында.

"Соғысты тоқтату сіздің қолыңызда тұр. 2017 жылы Мәскеудегі соңғы кездесу кезінде сол қолыңызды қысқанмын" деді Пеле.

Ол кезде Пеле әлем чемпионаты қарсаңында ұйымдастырылған Халықаралық футбол федерациясының шарасына қатысқан еді.

Пеле Time журналының рейтингісі бойынша әлемдегі ең ықпалды жүз адамның қатарына кіреді.

  • 24 ақпанда Ресей әскері президент Владимир Путиннің бұйрығымен Украинаға басып кірген. Путин соғыстың мақсаты - "денацификация" және "демилитаризация" деп атады, алайда нақты нені меңзегенін айтпады.
  • Үш айдан астам уақыт ішінде Украинада кемінде төрт мыңнан астам бейбіт тұрғын опат болған. Халықаралық ұйым өкілдері соғыс кезінде ақпаратты тексеру қиын болғандықтан қаза болғандар одан әлдеқайда көп деп мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG