Accessibility links

Украинадағы соғыста АҚШ-тың тағы бір азаматы оққа ұшқаны анықталды


Украинадағы соғыста АҚШ-тың тағы бір азаматы қаза болғаны анықталды. Бұл жөнінде The Washington Post жазды.

Басылым мәліметіне қарағанда, қаза болған 52 жастағы адамның аты-жөні — Стивен Забельски. Ол 15 мамырда Запорожье облысындағы Дорожнянка селосының маңындағы ұрыста өлген. Забельски Украина жағында соғысқа қатысқан. Rolling Stone мәліметіне қарағанда, АҚШ әскерінің ардагері минаға түскен.

АҚШ мемлекеттік департаментті Забельскийдің қазасын растап, оның отбасымен байланысқанын айтқан.

Украинадағы соғыста АҚШ азаматының өлгені туралы ақпарат алғаш рет сәуір айында шыққан. Өлген адамның 22 жастағы бұрынғы теңіз — жаяу әскері Уилл Джозеф Кэнсел екені анықталған.

АҚШ билігінің мәліметіне қарағанда, Украинадағы соғыс кезінде АҚШ-тың кемі үш азаматы хабарсыз кеткен. Оның екеуі — Александр Дрюке мен Энди Хьюн — 15 маусымда Харьков түбіндегі шайқаста қолға түскен. "Интерфакс" америкалықтар Донецк абақтысында отырғанын хабарлаған.

Кремль өкілі Дмитрий Песковтың сөзінше, сепаратистік "ДХР-дің" оларды өлім жазасына кеспейтініне Мәскеу кепілдік бере алмайды. Ресей билігі АҚШ-тың бұл азаматтарына соғыс тұтқындары туралы Женева конвенциясы жүрмейтінін, өйткені олардың Украина қарулы күштерінің қатарында болмағанын айтып отыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG