Accessibility links

Ресейдің көршісі Финляндия мен Швеция НАТО-ға қосылды


Швеция мен Финляндияның НАТО-ға қосылғаны туралы құжатты НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг ұстап тұр
Швеция мен Финляндияның НАТО-ға қосылғаны туралы құжатты НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг ұстап тұр

Брюссельдегі НАТО-ның штаб-пәтерінде 5 шілде күні Швеция мен Финляндияның Солтүстік атлантикалық одаққа қосылатыны туралы хаттамаға қол қойылды.

Хаттамаға НАТО-ға мүше 30 елдің өкілдері және Швеция мен Финляндия өкілдері қол қойған. Олар бұл күнді "тарихи күн" деп атап, "екі елдің ғана емес, НАТО-ның да қауіпсіздігін күшейте түсетін қадам" деп мәлімдеді.

Бұл оқиға кезінде Ресей аталған жоқ, бірақ екі елдің НАТО-ға кіруіне Ресейдің Украинаға басқыншылығы негізгі себеп болған.

Швеция мен Финляндия ресми түрде 18 мамырда өтініш берген. Оларды НАТО-ға қабылдау туралы шешім өте тез шықты.

Швеция мен Финляндия НАТО-ның толық құқықты мүшесі болуы үшін бүгін қол қойылған хаттаманы НАТО-ға мүше 30 елдің парламенті бекітуге тиіс. Бұған дейін "аталған екі ел күрд сепаратистерін қолдайды" деген желеумен тек Түркия ғана қарсы болған, бірақ ол да келісімге келген.

Швеция мен Финляндияның НАТО-ға қосылғанын Ресей билігінің өкілдері бір жағынан айыптай қарайды, бір жағынан бұл елдермен ешбір аумақтық мәселе жоқ, сондықтан проблема да жоқ деп санайды. Алайда аталған екі елге НАТО-ның инфрақұрылымы орналастырылатын болса, Ресей әлдебір "жауап шараға" баратынын мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG