Accessibility links

АҚШ Қытайдың Ресейге жақындағанына алаңдайды


АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен.

Қытайдың Ресей басқыншылығын қолдауы Америка-Қытай қатынасын күрделендіреді. АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қытай сыртқы істер министрі Ван Имен бес сағаттық кездесуден кейін өткен баспасөз мәслихаты кезінде осылай деп мәлімдеді.

"Қытайдың Ресейге жақындағанына алаңдаймыз" деді Блинкен. Ол Пекиннің Украинадағы соғысқа байланысты бейтарап ұстанымы жайлы мәлімдемесіне сенбейтінін жеткізді. Блинкеннің айтуынша, басқыншысы бар қақтығыс кезінде бейтарап болу қиын.

АҚШ мемлекеттік хатшысы БҰҰ жиындарында Қытайдың Ресейді қолдап, "Ресей насихатын таратқанын" еске салды. Одан бөлек, маусымның ортасында Ресей басшысы Владимир Путинмен телефон әңгіме кезінде Қытай басшысы Си Цзиньпин "Ресеймен әріптестік туралы шешімді қолдайтынын" айқын білдірген.

Блинкен Ван Имен кездесу кезінде қытай министрінің не деп жауап бергенін айтпады, бірақ ол келіссөзді "пайдалы, ашық әрі конструктивті" деп бағалады. Ван И Блинкенмен кездесуден соң баспасөз жиынын өткізген жоқ.

  • Дипломатиялық деңгейде Пекин Мәскеуді қолдап, санкцияларды айыптайды, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі жиынында дауыс бермей, қалыс қалып жүр. Алайда санкциядан сескенген қытайлық компаниялар Ресей нарығынан шығып жатыр.
  • АҚШ осыған дейін егер Қытай Ресейдің Украинаға басқыншылығын қолдап, материалдық көмек берсе, Пекиннің де санкцияға ілінуі мүмкін екенін ескерткен.
XS
SM
MD
LG