Accessibility links

Қырғызстанда көлік апатында ФСБ-ның үш қызметкері опат болды


Қырғызстанның оңтүстігіндегі Ош қаласында болған көлік апатында Ресей ФСБ-ның үш қызметкері опат болды. Оқиға 26 шілдеге қараған түні болған. Бұл жөнінде жергілікті БАҚ жазды.

Жуырда үш ресейлік азаматтың көлік апатында қаза болғаны хабарланған. Ресейдің Оштағы консулдығы өкілдері кейін MediaHub басылымына қаза болғандар Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметіне қарасты шекара қызметінде істегенін растаған.

Әзірге толық емес мәлімет бойынша, сағатына 150 шақырым жылдамдықпен жүрген Hyundai SantaFe жүргізушісі көлігін басқара алмай, жарнама тақтасына соғылған. Жүргізуші мен екі жолаушы жедел жәрдем көлігі келгенге дейін қайтыс болған.

Қалалық милицияның хабарлауынша, іс бойынша сараптама тағайындалған. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

ҰҚШҰ бойынша Ресей одақтасы Қырғызстанда Ресей ФСБ шекара қызметінің жедел тобы шоғырланған.

XS
SM
MD
LG