Accessibility links

Қырғызстанда бір күнде үш рет жер сілкінді


27 шілдеде Қырғызстанда үш рет жер сілкінді. Бұл жөнінде сейсмология институты хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, сейсенбі күні таңертеңгі сағат 6:41-де Ош облысында 2,5 балдық жер сілкінісі болған. Дүмпудің эпицентрі Кара-Суу ауданының Лангар ауылы деп айтылды.

Сол күні сағат 15:52-де Жалалабад облысында да жер тербелісі байқалды. Бұл жолы эпицентрде жер сілкінісінің күші 4,5 балға жеткен. Ол Акси ауданы мен Кербен мен Таш-Комур қалаларында сезілді.

Сейсенбі күні сағат 20:54-те Нарын облысында үш балдық жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің ошағы осы облыста орналасқан.

Зардап шеккендер жайлы ақпарат тараған жоқ.

Шілде айының басында Алматыдан 270 шақырым жерде бір күнде бес рет жер сілкінгені хабарланған.

XS
SM
MD
LG