2022 жылы қаңтар мен мамыр аралығында Ресей халқы 430 мыңға азайған. Мұны Росстаттың ай сайын жариялайтын "Әлеуметтік-экономикалық жағдай туралы" есебінен көруге болады.
Мәскеу аннексиялап алған Қырым халқын қосқанда қазір Ресей халқы 145,1 млн адамды құрайды. Бұл 2014 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіш. Қырымды есептемегенде Ресей халқы – 142,7 млн адам.
Moscow Times басылымының жазуынша, 2022 жылдың алғашқы айларында Ресей халқы айына орташа есеппен 86 мыңға азайып отырған. Мұндай көрсеткіш тіпті коронавирус індеті күш алып тұрған тұста тіркелмеген.
"Росстат" мәліметінше, дегенмен қаңтар-мамыр айының қорытындысы бойынша Ресейде былтырмен салыстырғанда адам өлімі көрсеткіші азайған. Бес ай ішінде 355 мың адам қайтыс болған. Елде жаңа туған әрбір нәрестеге орташа есеппен 1,7 қайтыс болған адамнан келеді. Адам өлімі көрсеткіші азайса да, халық санының азаюына мигранттардың өз елдеріне оралуы әсер еткен.
Статистикаға Украинада соғыс басталғалы бері Ресейден кеткендер енбей қалған тәрізді. Түрлі мәлімет бойынша, олардың саны жүздеген адамға жетуі ықтимал. Олардың басым бөлігі тұрақты тіркеуден алынбағандықтан Ресейде тұрақты тұрып жатқан азаматтар ретінде саналады.