Accessibility links

"Донбассқа бару, жалақысыз қалу". Мәскеу мамандары Путинге үндеу жолдады


Ресей билігі Донбассқа жіберген "Мәскеу су арнасының" қызметкерлері Владимир Путинге үндеу жолдады. Олар "әлі күнге еңбек келісім шарты жасалмағанын, бастапқыда уәделескен жалақыларын ала алмай жүргендерін айтқан"деп хабарлайды "Настоящее время".

"Үндеу ролик Украинаның Луганск облысының Ресей басып алған аумағында құрылған "ЛХР" сепаратистік құрылымына қарайтын Счастье қаласында түсірілген" дейді Ura.ru басылымы.

"Біз Ресейдегі "Мәскеу су арнасы" акционерлік қоғамынан Луганск облысының Счастье қаласына келген еңбек ұжымымыз. Еңбекақымызды төлеу мәселесін шешіп беруді Ресей президенті Владимир Путиннен сұраймыз. "Луганск халық республикасын" қалпына келтіруге келгенде алданамыз деп ойлаған жоқпыз, өйткені бұл мәселеге қоғам назар аударып отыр. Еңбек келісім шартынсыз жұмыс істеп жүрміз. Біздің талабымызды қанағаттандырмады, енді сіздің талабыңыз керек, – дейді үндеуді оқығандар.

Биыл маусым айында сепаратистік "Луганск халық республикасының" басшысы Леонид Пасечник "Мәскеу су арнасы" мамандары "Луганск су арнасы" кәсіпорнына келгенін, кәсіпорын құрылғыларын жөндеп, іске қосуға қатты құлшынып отырғанын хабарлаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG