Accessibility links

Неміс полициясы ресейлік миллиардер Әлішер Османовтың Германиядағы үйлерін тінтті


Әлішер Османов.
Әлішер Османов.

21 қыркүйекте Германияның федералдық полициясы тегі өзбек ресейлік миллиардер Әлішер Османовқа қатысы бар делінген бірнеше жылжымайтын мүлікті, оның ішінде Баварияда Тегернзе көліндегі вилласын тінтті.

Жергілікті прокуратура тінту төрт федералдық аймақтағы 24 нысанда жүріп, оған 250 адам қатысқанын мәлімдеді. Тергеу мәліметіне қарағанда, Османовқа санкция салынғаннан кейін, ол мүлкін қайтару үшін күзет қызметіне ақша төлеп, санкцияларды бұзған болуы мүмкін.

Миллиардерден бөлек бұл істе оған көмектескен деген тағы төрт адам күдікті ретінде тексеріліп жатыр. Der Spiegel журналы миллиардер салыққа байланысты айыпталуы мүмкін екенін жазды.

69 жастағы Әлішер Османов Ресейдің ең бай адамдарының бірі. Forbes журналы оның байлығын 11,5 миллиард долларға бағалаған. Ақпанда Ресей Украинаға шабуыл жасағаннан кейін, ол халықаралық, оның ішінде Еуропа елдерінің санкция тізіміне енгізілген. Мамыр айында ол өзіне қарсы санкцияларды жою үшін Еуропа сотына арызданған. Қыркүйек айында Венгрия Еуропа одағынан Османовты санкция тізімінен шығаруды талап еткені хабарланған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG