Accessibility links

Украинадағы соғысқа барғысы келмеген Рязань қаласының тұрғыны өз-өзін өртеген


Ресейдің Украинадағы соғыста қираған әскери техникасы
Ресейдің Украинадағы соғыста қираған әскери техникасы

Жексенбіде Ресейдің Рязань қаласының орталық автовокзалында ер адам өз-өзін өртеп жіберген. От қояр алдында Украинадағы соғысқа барғысы келмейтінін айтып айқайлаған. Бұл жөнінде Рязаньның ya62.ru порталы жазған.

Куәгерлер сөзінше, "отқа оранған ер адам вокзал маңында жүгіріп, айқайлаған". Өртенген адамды жедел жәрдем әкеткені видеодан көрінеді.

Құқық қорғау органдары бұл жайтқа байланысты пікір білдіруден бас тартқан. Төтенше жағдайлар қызметі хабар түспегенін айтқан.

21 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы әскерін күшейту мақсатында ішінара мобилизация жариялаған. Осыдан кейін Ресейде әскери комиссариаттар мен әкімшілік ғимараттарды өртеу көбейіп, наразылық акциялары күшейген. Ресейдің әскерге жарамды мыңдаған адамы шетелге қашып, бір бөлігі Қазақстанға келген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG