Қытай мен Үндістан Ресейдің Украина қалаларын зымыранмен атқылағанын айыптады. 10 қазанда Ресейдің әуе шабуылы салдарынан Украинаның бірнеше қаласында 14 адам өліп, жүздеген адам жараланды, азаматтық инфрақұрылымы қирады.
Қытай сыртқы істер министрі барлық елдің егемендігі құрметтелуге тиіс деп, жағдайды бейбіт жолмен реттеуге шақырды. Пекин бұған көмектесуге дайын.
Үндістан сыртқы істер министрі Субрахманьям Джайшанкар да Ресейдің Украинаға әуе шабуылын айыптады. Дели Ресей-Украина жанжалы халықаралық қауымдастық мүддесіне де қайшы келетінін айтты.
Қытай мен Үндістан Ресейге іштарта қарайтын елдер қатарына жатады. Пекин мен Дели Украина мен Ресей арасындағы жанжалды бейбіт жолмен шешуге шақырғанымен Ресейге салынған санкцияларға қосылмай, Ресейден ірі көлемде мұнай мен өзге де энергоресурстар сатып алып отыр.
ПІКІРЛЕР