Accessibility links

Байден Украинаға 725 млн доллар көлемінде тағы әскери көмек беретінін мәлімдеді


АҚШ президенті Джо Байден
АҚШ президенті Джо Байден

АҚШ президенті Джо Байден АҚШ қорғаныс бюджетінен 725 млн доллар қаражатты Украинаға қорғаныс саласын нығайтуға бөлуді тапсырды.

Жаңа көмек пакеті аясында Украинаға әскери техника мен оқ-дәрі, оның ішінде радиолокацияға қарсы HARM зымырандары, HIMARS жүйесіне арналған қосымша оқ-дәрі, қару-жарақ пен екі миллионнан астам оқ беріледі. Бұған қоса, АҚШ Украинаға медициналық жабдықтар жеткізіп, әскери жаттығулар бойынша көмек көрсетеді.

АҚШ ресми өкілі Reuters агенттігіне кезекті көмек пакеті контршабуылдар кезінде Украина күштерін қолдауға бағытталғанын айтты. Украина президенті кеңсесінің мәліметінше, украин армиясы 1620 елді мекенді азат етіп үлгерген.

2022 жыл басынан бері АҚШ Украинаға 50 млрд доллардан астам қаражат бөлген, 27 миллиарды әскери шығынға жұмсалған.

  • АҚШ, Еуропа елдері, Жапония мен Австралия Украинаға миллиардтаған доллар көлемінде әскери, қаржылық, гуманитарлық көмек көрсеткен. Украинаға көмек көлемі жөнінен бірінші орында АҚШ тұр. Одан кейінгі орындарда Ұлыбритания, Германия, Канада және Польша тұр.
  • Бұған дейін Ресей өкілдері батыс елдерінің Украинаға көмегіне бірнеше рет түсініктеме берген. Олардың пікірінше, Украинаға қару-жарақ жеткізіп отырған НАТО "отпен ойнап отыр" және мұндай заңдардың қабылдануының "кері әсері" болады. Ресей сонымен бірге Украинаға қару-жарақ жеткізгені үшін бірнеше мемлекетке, оның ішінде АҚШ-қа да, қарсылық нотасын жіберген.

XS
SM
MD
LG