Accessibility links

WP: АҚШ Киевтен Мәскеумен келіссөз жүргізуге ықыласын ашық көрсетуін сұрайды


Украина президенті Владимир Зеленский.
Украина президенті Владимир Зеленский.

АҚШ әкімшілігі украин жетекшілерінен Ресеймен келіссөз жүргізуге ықыласын ашық көрсетуін сұрайды. Бұл жөнінде Ақ үйдегі дереккөзге сүйенген The Washington Post басылымы жазды.

Басылымның жазуынша, бұл Киевті келіссөз үстеліне отырғызуға мәжбүрлеу емес. Мұндағы мақсат – соғыс созылып кете ме деп алаңдаған өзге ел азаматтарының Украинаны қолдауын қамтамасыз ету. Мәселе тек Еуропа елдері ғана емес, соғыс басталғаннан кейін энергетика және азық-түлік дағдарысына тап болған Африка және Латын Америка елдері жөнінде де болып отыр.

The Washington Post жазуынша, дегенмен Америка шенеуніктері "Ресей басшысы Владимир Путин келіссөзге барынша салмақты қарамайды" деген украин әріптестерінің пікірімен келіседі. Газетке сұхбат берген тұлғалардың болжамынша, Украина президенті Владимир Зеленский бірқатар шарттарға көніп, келіссөзді қолдауы мүмкін.

Украина жағы басылымға аталған мәселе бойынша түсініктеме бермеген.

Ресей мен Украина арасында келіссөз мамыр айында тоқтаған. Соңғы рет екі ел делегациялары наурыз соңында Стамбулда өткен.

Қазан басында Зеленский Ресейді Владимир Путин басқарып тұрған тұста онымен келіссөз жүргізуді мүмкін санамайтын жарлыққа қол қойған. Оның алдында Мәскеу Украинаның бірнеше аймағын аннексиялағанын хабарлаған. Путин бұған дейін Ресей келіссөзге дайын екенін, бірақ аннексияланған аймақтардың тағдырын талқылауға дайын емес екенін мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG