Еуропа одағы Украинаға басып кіргені үшін Ресейге салатын санкциясының жаңа пакетін талқылап жатыр. Осы апта ішінде ортақ келісімге келуі мүмкін. Бұл жөнінде Politico дипломаттарға сүйеніп хабарлады.
Басылым мәліметіне қарағанда, талқыланған шаралар арасында Ресей экономикасының технология, қаржы және медиа секторына енгізілетін жаңа шектеулер бар. Тоғызыншы пакетке 180 пункт енгізілуі мүмкін.
Еуропа одағы сыртқы істер министрлігінің 12 желтоқсанда өтетін отырысында жаңа санкция шарттарын нақтылайды.
Ресей Украинаға биыл 24 ақпанда басып кірген. Оған жауап ретінде Еуропа одағы Ресейге сегіз пакет санкция салған.
АҚШ пен Еуропа елдері Ресей компанияларымен ынтымақтастықты шектейтін немесе тыйым салатын санкцияларды ұдайы енгізіп келеді.
ПІКІРЛЕР